Мектеп –халықтың рухани бесігі, білім алар ошағы, ал мектептің даму жолы, тарихы -білім ордасының өркендеуінің, гүлдену жолының қалыптасуы. Әр мектептің өз шежіресі, өз тарихы бар. Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басқанда, азаматтардың жалпы рухани және дене бітімі дамуын, білімін қалыптастыруда елеулі үлес қосып жүрген іргелі мектептердің бірі - Ембі қаласындағы № 2 орта мектебі. 1976 жылы іргетасын қалап, 1977 жылы ашылған білім ошағына- 45 жыл.
Бұл бұрын № 463 орыс-қазақ сегізжылдық теміржол мектебі болған екен. Дәл сол кезден бастап «Ембі қалалық № 2 орта мектебі» ММ- нің тарихы қалыптасқан.
Қаламызда талай шәкірт тәрбиелеп, ұясынан ұшырған қырық бес жылдық тарихы бар. Бұл мектептің іргесі қаланғаннан бері Калинина Евдокия Афанасьевна, Зражевская Галина Семеновна, Құрмашев Жангелді Құрмашұлы, Нұғманова Ержамал Аққайдауқызы, Данагулова Майра Мазжановна, Мусағали Райымбек Зейнедуллаұлы атты ұлы ұстаздар директорлық қызмет атқарып, мектептің өркендеуіне зор үлес қосқан.
|
Тіркелген мекен-жайы |
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Ембі қ, Ж.Тілепбергенов көшесі 5А |
|
Ашылған уақыты |
1977 ж |
|
Мектеп директоры м.а. |
Данагулова Майра Мазжановна |
|
Мектеп территориясы жалпы аумағы |
1484,8кв.м |
|
Мектеп ғимаратының аумағы |
2633,8км.м |
|
Нысанның қызмет түрі |
Жалпы білім беру ұйымы |
|
Қолданыстағы инфрақұрылым |
Мектеп типтік 3-қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектеп жалпы: 1-қабатта бастауыш оқу кабинеттері және спорт зал және 75 орындық акт залы , асхана орналасқан. 2-қабатта оқу және мультимедиялық кабинеттер бар, жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім беретін оқу және мамандандырылған сыныптары бар. Физика мен биология кабинеттері. 3-қабатта жалпы білім беретін мектептердің жалпы білім беретін оқу және мамандандырылған сыныптары бар. Химия және информатика кабинеті бар. 24 орындық кітапхана орналасқан. |
|
Оқушы саны |
Барлығы – 553 оқушы Қазақ класында – 529 Орыс класында – 24 1-ауысымда –336 2-ауысымда – 217 Класс комлекті саны – 32 1-4 кластар – 221 5-9 кластар –273 10-11 кластар – 59 |
|
Мұғалімдер саны |
Барлығы- 70 мұғалім Жоғары білімді – 56 Арнаулы орта білімді –14 Жоғары санатты – 2 Екінші санатты - 2 Педагог-зерттеуші-22 Педагог-сарапшы- 13 Педагог-модератор-11 Санаты жоқ- 19 |





